ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
VІІІ Махамбет оқулары туралы
06-04-2017 06:07

                                                                                                                        Пресс-релиз

                                          VІІІ Махамбет оқулары туралы

             2017 жылғы 11сәуір күнi № 37 жалпы орта бiлiм беру мектебiнде (Ворушин көшесі, 6/2) Павлодар қаласының білім бөлімімен «VІІІ Махамбет оқулары» қалалық сайысы өткiзiледi.
            Оқуларының мақсаты - оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу,қазақтың батыр да тарлан ақыны - Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Биыл Махамбет оқулары сайысы 3 аталым бойынша өткiзiледi:
         «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» Махамбет шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинацияда оқушы өлеңдерiнiң саны мен көлемiне, сапасына, яғни мәнерлеп оқуына көп назар аударылады.
          «Ұлы арман» – Махамбет Өтемісұлы күйлерiн орындаушылар сайысы.
          «Тартынбай сөйлер асылмын... » - жас ақындар сайысы, яғни оқушы өз өлеңiн, күйiн қазылар алқасының назарына ұсынады.
          Сайыстың қорытындысы сағат 17.00-де шығарылады.

                                                                            Павлодар қаласы білім беру бөлімі