Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебінде 2017 жылғы 12 сәуір күні кәсіптік-бағдарлық жұмыстың тиімділігін және нәтижелілігін арттыру мақсатында «Болашақ мамандығым» тақырыбында диалогтік кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 120 оқушы және қала колледждерінің студенттері қатысты.
Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар политехникадық колледжі, Павлодар көлік және байланыс колледжі, Экономикалық колледж, Павлодар монтаж колледжінің студенттері өздерінің мамандықтарын таныстырды. Әрбір колледжге 9-шы сыныптардың оқушыларымен жеке жұмыстар жасау үшін кабинеттер берілді. Екінші қабатта колледждердің насихаттау көрмесі ұйымдастырылды, студенттер мамандықтар туралы баяндады, оқушыларға колледждер туралы аудио-видеоматериалдар көрсетілді. Диалогтік кездесу колледждердің насихаттау бригадалардың сөз сөйлеулерімен аяқталды. Мектеп директоры Рахимгожина Нургуль Шампатовна колледждердің басшылары мен педагогикалық қызметкерлеріне көп жылдар бойғы мектеп түлектерімен кәсіптік-бағдарлық жұмыстар ұйымдастырудағы және жастар бастамасын дамыту бойынша жобаларды іске асырудағы өзара тығыз қарым-қатынас үшін алғыс хаттар марапаттады.