ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас маманның жетістігі
21-04-2017 09:26
Жас маманның жетістігі

Қалалық мәдениет және тілдер дамыту бөлімі жас мамандар арасында өткізген «Тіл шебері» байқауында, Бауыржан Момышұлы атындағы  № 22 жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі мұғалімі  Алтаева Жұлдыз Аксариевна  жүлделі І орынға ие  болып, облыстық деңгейде өтетін конкурсқа қатысуға мүмкіндік алды.

14 сәуір 2017 жылы өткен облыстық кезеңде Жұлдыз Ақсарықызы өз мектебінің, қаланың беделін асқақтатып, өзінің шеберлігін шыңдап, «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» атты үш кезеңнен сүрінбей өтіп, І орынға ие болды. Байқаудың барлық  кезіндері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін  анықтауға бағытталды. Байқауда ол әділқазы алқаларын өзінің өмірбаянымен таныстырды, қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөнінде қазақ тілінде баяндап, ағылшын жазушысы Уди Дампти «Менің туған жерім, менің Қазақстаным» атты поэзиясын жатқа оқыды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз бағалы сыйлық,  дипломмен марапатталды.

Жұлдыз Алтаева № 22 мектепте 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет істейді. Осы уақыт ішінде Халықаралық «British Buildog» конкурсының 5 жеңімпаздарын дайындап, «Білімге сапар» республикалық журналында Қазақстанның табиғаты, өсімдіктері туралы ағылшын тілінде мақаласын жариялады. Ол көп оқиды,  Сұлтанмахмұт Торайғыров, Павел Васильев және Уди Дамптидің поэзиясын жақсы көреді. Үнемі күлімсіреп жүріп, қарапайымдылығымен, мұғалімдер мен оқушылардың арасында беделге ие болды.