ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезіңінде көліктік қамтамасыз ету және қозғалысты ұйымдастыру жөнінде
19-05-2017 06:46

Қалалық қажеттілік шеңберінде қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ескірген және жарамсыз автобустарды істен шығаруды есепке алумен), сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне (бұдан әрі - ЭКСПО-2017) қатысушылар мен келушілерді көлікпен ойдағыдай қамтамасыз ету, халықаралық және өңірлік делегациялар үшін тапсырысты автобустарды ұйымдастыру мақсатында 423 автобус (оның ішінде 270 қалалық, 110 жұмсақ және 43 мектептік) сатып алынды.

Қолданыстағы маршруттар күшейтіледі, бұл қозғалыс аралығын 10-15 минуттан 5-7 минутқа қысқартуға мүмкіндік береді.

Жолаушылар тасымалдарының сапасы мен қауіпсіздігін жоғарылату үшін көлік легін басқарудың бірқатар жаңа тәсілдері енгізіледі.

ЭКСПО-2017 қарсаңында астананың көше-жол желісінің 12 жаңа учаскесіне«BusLane» қоғамдық көлік жолақтары енгізіледі:

2017 жылғы 20 мамырдан бастап 3 учаскеде: Сарыарқа даңғылы бойынша (Бөгенбай батыр даңғылынан көпірге дейін); Тұран даңғылы бойынша (көпірден Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін); Бейбітшілік көшесі бойынша (І. Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін);

2017 жылғы 27 мамырдан бастап 6 учаскеде: Тәуелсіздік даңғылы бойынша (А. Пушкин көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейін); Сарайшық көшесі бойынша (көлік жол айырығынан Қабанбай батыр даңғылына дейін); Ж. Тәшенов көшесі бойынша (А. Бараев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін); М. Жұмабаев даңғылыбойынша (Қажымұқан көшесінен Р. Қошқарбаев даңғылына дейін); Қабанбай батыр даңғылы бойынша (Сығанақ көшесінен айналма жол айырығына дейін); Орынбор көшесі бойынша (Ш. Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін);

2017 жылғы 3 маусымнан бастап 3 учаскеде: Ж. Нәжімеденов көшесібойынша(Ш. Қалдаяқов көшесінен Обаған көшесіне дейін); Республика даңғылы бойынша («Самал шағын ауданы» аялдамасынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін); А. Байтұрсынұлы көшесі бойынша(Р. Қошқарбаев даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін).

Аталған шешім қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатады, автобустардың жүру жылдамдығын 20% арттырады, тиісінше жолаушылардың аялдамаларда күту уақыты біршама қысқарады.

Анықтама ретінде: бөлінген қосымша жолақтар мынадай учаскелерге енгізілген:

А. Пушкин көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейінгі А. Кравцов көшесі бойынша, Тәуелсіздік даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгіҚажымұқан көшесібойынша,Ш. Бейсекова көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі Сығанақ көшесі бойынша.

Ұзақтығы:1-учаскенің – 0,92 км (10 бағдарнемесе 2159 автобус);2-учаскенің – 1,59 км(14 бағдар немесе 2525 автобус); 3-учаскенің – 6,65 км(7 бағдарнемесе 1321 автобус).

«BusLane» жобасының мақсаты – жолаушылардың сапарына қолайлы жағдай жасау және қоғамдық көліктің қозғалысына басымдылық беру. Мамандардың бағалауы бойынша аталған жаңа енгізілім:

қозғалыс кестесін реттеуге;

кесте бойынша бұзушылықтар санын төмендетуге;

автобус жүргізушілерінің тәртібін және қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатуға;

автобустардың жүру жылдамдығын 20% арттыруға мүмкіндік береді.

Апаттылықты төмендету және өткізу қабілетін арттыру бойынша әлемдік тәжірибеде қосымша шаралар ретінде кеңінен қолданылатын,айналма жол айырығынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылы бойынша сол жақ бұрылыстарға уақытша тыйым салу енгізу жоспарлануда.

ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде қаланың көлік желісіне түсетін жүктемені азайту үшін жаңа 7 «Shuttle Bus» маршруттарын енгізужоспарлануда, оларға отандық құрастырылымды«Iveco Urbanway» маркалы 167 автобус қызмет көрсететін болады. Олардың қозғалыс аралығы 5-7 минутты құрайды. Аталған маршруттарда аялдамалардың саны аз болады (орташа алғанда 8).

«Shuttle Bus» маршруттары ЭКСПО-2017 көрме орталығын қаланың шеттегі аудандарымен байланыстырады және көпшілік баратын негізгі пункттер – қонақ үйлер, жинақтау тұрақорындары, ірі сауда орталықтар арқылы өтеді. Бір сапардың құны 150 теңгені құрайды.

Сауда орталықтарының негізінде халықаралық автобус сапарларына қызмет көрсетуге арналған көлік хабтарын құру жоспарлануда.

Күнделікті астанаға 13 аймақтан (Атырау, Маңғыстау облыстарынан басқа) 118 рейс жасалады, оның ішінде 65-і – қосымша.

Қолданыстағы «Сапаржай Астана» автовокзалы ағымдағы облыс аралық рейстерге қызмет көрсетеді (күніне шамамен 53 рейс).

«Алай» сауда орталығының көлік хабы күнделікті Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе және Өскемен қалаларынан келетін 37 қосымша облыс аралық рейстерге қызмет көрсетеді.

«КеңМарт» көлік хабы Алматы, Қарағанды қалаларынан және Алматы облысынан келетін 28 қосымша рейске қызмет көрсетеді.

Әрбір сауда орталығының аумағы жолаушыларды отырғызу және мінгізу аймақтарымен, билет кассасымен, күту залдарымен жабдықталады.

Қолайлытұрақ орны кеңістігін ұйымдастыру жоспарланған. ЭСКПО-2017 аумағында шамамен 6 мың тұрақ орнықарастырылған.

«Shuttle Bus» маршруттарын енгізуді ескере отырып, күзет бекетімен, ақпараттандыру жүйесімен жабдықталатын 14 жинақтау тұрақорнын ұйымдастыру жоспарлануда. Жинақтаутұрақорындары тегін болады.

Анықтама ретінде: 7 «Shuttle Bus»маршруты:

№ 500– Астана халықаралық әуежайы– «Нұрлы жол» темір жол вокзалы;

№ 501– «Рахмет» сауда-ойын сауық орталығы–клиникалық-сауықтыру орталығы;

№ 502 – темір жол вокзалы (ескі) – «Арнау» тұрғын үй кешені;

№ 503 –«Алай» сауда орталығы– «Арнау» тұрғын үй кешені;

№ 504 – «Достар-1» тұрғын үй кешені–клиникалық-сауықтыру орталығы;

№ 505 – «Нұрлы жол» темір жол вокзалы– «Арнау» тұрғын үй кешені;

№ 506 – «КеңМарт» сауда орталығы– «Қазанат» ипподромы.

Жүк көлігінің қозғалысына шектеу қою жобасы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту және қаланың экологиялық құраушыларын жақсарту мақсатында әзірленген. Көлік легінің қауіпсіздігі мен орташа жылдамдығына жүк көлігінің әсері жылдамдығының төмендігіне, ақырын қимылдауына және ірі көлеміне негізделген. Қала шекарасындағы жүк көлігі құралдары легінің көбеюінен тікелей көлік құралының салмағына байланысты жол төсемі тез тозады.

Жүк көлігінің жүрісіне шектеу қою сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін 3,5 тонна рұқсат етілген барыншасалмағымен 3.4 «Жүріске тыйым салынған» тиісті белгісімен шартталған Астана қаласының жүктемелі учаскелеріне кіруіне тыйым салуды қарастырады.

Қозғалысты шектеуді енгізу мынадай бірқатар проблемаларды шешеді:

1) сансыз кептелістер мен іркілістер;

2) жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі;

3) рұқсат етілген нормативтік шектен тыс пайдалануға байланысты автомобиль жолдарының тозуы;

4) Астана қаласының экологиялық ортасына теріс әсер етуі.

Сағат 23.00-ден 6.00-ге дейінгі жүк көлігі құралдарының рұқсат етілген жүру уақыты кәсіпорындардың коммерциялық қызметін іске асыру үшін баламалы таңдау қалдырады. Шектеу қою апаттық, құтқару, тазалау қызметтерініңкөлік құралдарына,асфальт төсеудің және бетон тасымалдаудың үздіксіз технологиялық циклін қамтамасыз ететін көліктеріне таралмайды.