2017 жылғы 2 маусым күні № 39 ЖОМ-да Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Қадырбаева қаланың жалпы орта білім беру директорларымен кеңес өткізді. Кеңесте оқытудағы инновациялық процесстер бойынша жалпы орта білім беру мектептерінің әдістемелік қызмет жұмысының тиімділігі, мектеп түлектерінің қорытынды аттестацияға дайындығы туралы сұрақтар қаралды. 2016 - 2017 оқу жылында педагогикалық кадрлардың аттестация қорытындысы, қаланың білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша жұмыс жағдайы, қала мектептерінде қатаң есептегі құжаттардың берілуі мен рәсімдеу жағдайы бойынша есептер тыңдалынды.
Кеңес қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы түлектердің ҰБТ-ны табысты тапсыру, білім мазмұның жаңарту шеңберінде иннновациялық процестерді тіркеу бойынша жалпы білім беру мектептердің әдістемелік қызметтерінің жұмысының тиімділігін арттыру, қатаң есептегі құжаттардың берілуі мен рәсімдеу сұрақтары бойынша нормативті құжаттарды ұстану туралы тапсырма берді.
Жазғы кезенде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру сұрақтары, мектептердегі ағымдық және күрделі жөндеуді өткізу бойынша бақылауды күшейту туралы ұсыныстар айтылды.