ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттеріндегі көрме
15-06-2017 04:33
Балалар суреттеріндегі көрме

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалар шығармашылығын дамыту Орталығы айдарында ЭКСПО - 2017 Халықаралық  көрмесіне арналған «Жазғы ғажайыптар» асфальтта сурет салу жобасы өтті.

Әрбір  команданың  жас суретшілері  өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп және байқау тақырыбын толық аша білді. Балалар бір екі сағат ішінде үлкен сурет галереясын құрды. Қатысушылар  өз  шығармашылығымен  алдымыздағы көрме туралы өздерінің  қалай көп  білетінін айтты және көрсете білді.

Шығармашылық топтың жұмысы келесі критерий бойынша бағаланды: байқау тақырыбына сәйкестігі, техникалық шеберлігі, композициялық және түсті шешім, сюжет түпнұсқалығы. Ең жақсы жұмыстар № 9, 22, 4 мектептің шығармашылық топтары көрсетті. «Ең ұйымшыл топ» - Жетекші орта мектебі, «Жас сәулетшілер» - № 11 мектебі, «Болашақ энергиясы» - № 34 ЖОМ, «Ғажайып көрме» - № 16 ЖОМ, «Талантты суретші» - № 25 ЖОМ. Конкурсқа 1 - 4 сыныптардан 300-ден аса оқушы қатысты.

Кішкентай суретшілердің шығармашылық жарыстары көпке дейін «асфалттық» шығармашылық ретінде қала тұрғындарын қуантады, себебі өткізу орны орталық жағажай болды. орталықтың педагог-ұйымдастырушысы Әйгерім Байтұрсынқызы Темиргалинованың айтуынша «Балалардың суреттерін бастапқы түрде фото суретке жоғарыдан түсіре алмағанымызға өкініштіміз».