ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Астана күніне арналған балабақшалар тәрбиеленушілерінің флешмобы
04-07-2017 09:49
Астана күніне арналған балабақшалар тәрбиеленушілерінің флешмобы

2017 жылдың 4 шілде күні Конституция алаңында, қала балабақшаларының спорт алаңдарында «Туған күнімен Астана!» атты Астана күніне арналған қала балабақшалар тәрбиеленушілері арасындағы бірлескен флешмобы өтті. Мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына азаматтық патриотизмді қалыптастырып, еліміздің жеткен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімдерін дамыту.

Флешмобқа 1000 астам қала балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты. Флешмоб «Туған күніңмен, Астана! Сенімен мемлекетіміз мақтанады! Гүлдене бер менің Астанам, бақыт пен қуаныш тілеймін саған!» ұранымен өткізілді. Конституция алаңында 200-ге жуық № 4, 17, 18, 38, 40, 51 балабақшалар тәрбиеленушілері қатар бойымен тұрып, Астана жайлы патриоттық әуендерге ритмикалық би биледі. Флешмоб биін № 17 сәбилер бақшасының музыкалық жетекшісі Токенова Эльмира Құрманғалиқызы қойды. Би марафоны әуе шарларынкөкке ұшырумен аяқталды.