ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Математика пәнінен I қалалық жасөспірімдер олимпиадасы туралы
11-09-2017 04:58

Өткізу күні мен уақыты: 12 қыркүйек 2017 жыл
Өткізу орны: № 39 ЖОМ
Ұйымдастырушылар: «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы МҚКК
Алғаш рет! Павлодар қаласында 2011 - 2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білімін дамытуда Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде математика бойынша олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі.
Олимпиада мақсаты: математика бойынша олимпиадалық резерв мектебін құру және жоғары деңгейдегі олимпиадаға оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру.
Олимпиадаға орта (толық) жалпы білім беру бағдарламасын игерген, қаланың білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.
Математика бойынша олимпиадаға 7-8 сынып оқушыларынан 37 оқушы қатысады. Олимпиаданың барлық оқушылары «Жас ғалым» қалалық мектебіне қабылданады және кестеге сәйкес оқу жылы бойы сабаққа шақырылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиада бағдарламасы:
10.00 – 12.00 – қорытындыға дейін
12.00 – 14.00 – қорытынды
14.00 – 14.30 – түскі ас
15.30 - 16.00 – олимпиада қатысушылар үшін ойын-сауық бағдарламасы
15.30-16.00 – жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау
Қосымша ақпарат: «Павлодар дарыны» БУҚБДДО, Павлодар қ, Жеңіс Алаңы , 13 тел/факс 322343, 87074971201

Павлодар қаласының білім беру бөлімі