ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Экотуристік калейдоскоп
12-09-2017 06:05
Экотуристік  калейдоскоп

2017 жылғы 7 - 10 қыргүйек аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен, Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе Ертіс өзенінің қоймасында «Алтын күз» ашық қалалық экотуристік жарыстарын өткізді. Жарыстарға 11 - 18 жас аралығындағы 120 астам оқушылар қатысты, оның ішінде экология және туризм орталығының «Пирамида», «Вершина», «Колибри» туристік клубтарының тәрбиеленушілері, № 14 ЖОМ «Вертикаль» клубы, № 41 ЖОМ «Эдельвейс» клубы, № 42 ЖОМ «Усольский меридиан» клубының құрамалары,  № 1, 5, 17, 34, 39, 43 ЖОМ құрама командалары қатысты.

Төрт күн барысында жас туристер таяныштарды өткізу, өзенді кешіп өту, өзен арқылы өткелді орнату, сырғауылдар мен төмпешіктер көмегімен шартты батпақтан өтуде өзара жарысты. Теориялық сатыларда жарыс қатысушылары түйіндерді байлау, түсбағдар (азимут) бойынша анықтау, топографиялық және апат белгілерін білуді көрсетті, осының барлығы әрбір туристке қажетті білік-дағдылар жиынтығын құрайды.

Жарыстар құрамына «Кедергілер алабы», «Жеке-құрамалық», «Мен және менің құрамам», «Конкурстық бағдарлама» қашықтықтары еңгізілді. «Кедергілер алабы» қашықтығында «Пирамида» клубы,  «Жеке-құрамалық» қашықтығында «Вертикаль» клубының шәкірттері үздік нәтижелер көрсетті. Туристік құрамалары міндетті конкурстық бағдарламадағы көріністерімен қуантты, оның құрамына шығармашылық сипаттағы экологиялық тапсырмалар, туристік ән және «Мен және менің құрамам» сайыстары енді. Оқушылардың орындауларынан барлық балалар бірлестіктерінің жақсы спорттық-туристік дайындығы аңғарылып, оның арқасында жарыс барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері анықталды.

Жарыс қорытындылары бойынша I орын № 41 ЖОБМ «Эдельвейс» клубының құрамасы, жетекшілері О. А. Лаврентьева, О. В. Баженова, А. С. Аюпов, II орын - «Пирамида» клубы, жетекшілері В. Ю. Ридзаускас, И.В. Ридзаускене, III орын - «Вертикаль» клубы, жетекшілері О. В. Дьяченко, С.В. Кремер иеленді.

Топтар бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қ. дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары және жүлделермен, жалпықұрамалық есепте орталық грамоталарымен марапатталды.

Осы бағыттағы шаралар өскелең ұрпақтың бойында азаматтылық және қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу, туристік-өлкетану білік-дағдыларды жетілдіру, салауатты өмір сүру салты мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор септігін тигізеді, - деп орталық басшысы Людмила Александровна Вольф белгіледі.