ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балгариядағы марапаттар
22-09-2017 06:46
Балгариядағы марапаттар

      Балгариядағы  «Нова  Загор - 2017 жылғы» XIX  Мемлекеттік жастар көрмесінде Европа, Латын Америка, Азияның  36 мемлекеттінен  3 мыңнан  астам 4 - 20 жастағы жас суретшілері қатысты. Көрмеге  Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінен 15 оқушының жұмысы жіберілді.

    Қазылар алқасы сайыс қорытындысы бойынша 500-ден астам ең жақсы жұмыстарды анықтады, оның ішінде көркемсурет мектебінің екі оқушысының жұмысы болды. 2017 жылы 1 маусым - 6 шілде айында Нова Загора қаласындағы Руси Карабиберова көркемсурет галереясында өткен, балалар туындылары қорытынды көрме экспозициясына кірді.

     2017 жылы қыркүйек айында мектеп Балгариядан дипломдар алды. Сайыс лауреаттары 8 жастағы Айдар Айтимов және  8 жастағы Ева Москалец атанды. Көрмеге Айдардың (түрлі-түсті сия, балауыз май ) аралас техникасы бойынша орындалған «Бұғы-қыс», Еваның фломастермен салынған «Түнгі күзетші», суреттері ұсынылды. Мектепте олар жеті жастан шұғылданады,  Мемлекеттік сайыста бірінші рет қатысуда. Оқушылардың сынып жетекшілері Шайкенова Жанар Ержанқызы және Пернебаева Сауле Бейбітханқызы.