ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Үздік мұғалімдердің сабақтары
22-09-2017 09:26
Үздік мұғалімдердің сабақтары

«Жыл мұғалімі - 2017» сайысының іріктеу туры қортындысы бойынша  ақтық сынға (финалдық турына) Павлодар қаласы жалпы орта мектептерінің 15 мұғалімі қатысты. Сайыс Павлодар қаласының № 39, № 25 ЖОМ өтті.

Екі күн бойы мастер-класстар жүргізу кезінде қатысушылар өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер заманауи, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін, авторлық табыстары мен ойларын ортаға салды. «Надежда» номинациясында, жұмыс өтілі 5 жыл болған жас мұғалімдер шебер-сыныптарын жан-жақты, шығармашылықпен ұсынды. «Менің заманауи тәжірибем» іріктеу турының қортындысы бойынша  15 үздік финалистер анықталды. Таныс емес бөтен сыныпта сабақ беру кезінде қатысушылар өздерінің жоғары педагогикалық шеберліктері мен кәсіпқойлықтарын танытты.

Сайыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздардың аттары, Мұғалімдер күні мерекесіне арналған шарада аталады.