ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының Президенттік милі
25-09-2017 04:48
Қала оқушыларының Президенттік милі

«Президенттік миль» 47-қалалық кешенді спартакиада шеңберінде қалалық төменгі жағалауда Павлодар қаласының оқушылары жүгіріп өтті. Жеңілатлетикалық жүгіріске қаланың жалпы орта мектептерінен 346 оқушы қатысты, солардың ішінде 185 ер балалар мен 161 қыз балалар.

Бірінші боп қыздар сынға түсті, оларға 1600 метр қашықтықты жүгіріп өту тиіс болды. Ер балалар екінші боп шықты, олар 2400 метр қашықтықты бағындырды. Жүрігірске қатысушылар әр минут сайын 5 адамнан жүгірді.

Спорттық жарыстың командалық сынағы бойынша 1-лигадағы қыздар арасында I-орынды № 36 ЖОМ оқушылары иеленді, II-орынды - № 39 ЖОМ, III-орынды - № 11 ЖОМ, ер балалар арасында I-орынды № 36 ЖОМ оқушылары иеленсе, II-орынды - № 8,  III-орынды - № 24 ЖОМ оқушылары қанжығасына байлады. 2-лига қыздары арасында I-орынға № 6 ЖОМ оқушылары қол жеткізді, II-орынды - № 18 ЖОМ,  III-орын - № 33 ЖОМ оқушыларының еншісінде, 2-лигадағы ер балалар арасында II-орын № 3 ЖОМ оқушылары, III-орын - № 33 ЖОМ. Аталмыш шараның басты төрешісі № 4 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Анастасия Юрьевна Третьякова.