ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы
11-10-2017 03:15
«Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы

Аз қамтылған отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындыққа көмек беру мақсатында Павлодар қаласында жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті.

Акцияның өту барысы бойынша шаралар Жоспары құрылды, оған сәйкес жайсыз отбасы, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына 443 рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Рейдтік жұмыстарға білім, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау, ҒӨҰ ұйымдарынан, ата-аналар қоғамынан және БАҚ өкілдерінен 623 адам қатысты.

«Мектепке жол» акциясының аясында мектеп жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 8 сауда фирмаларының өкілдері қатысып, 15-тен 25 % жеңілдікпен кеңсе тауарларын, мектеп киімі мен аяқ киімдерді ұсынды.

Білім мекемелерінде «Ауыл балаларына - мектепке сыйлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында Ленин кентінің, Жетекші, Павлодарское және Кенжекөл ауылдарындағы аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді.

«Баланы мектепке жинаймыз» қайырымдылық акциясы барысында 2017 жылдың 25 - 28 тамыз аралығында кеңсе тауарлары, мектеп формасы, киім, аяқ киім түрінде 1200 оқушыға көмек берілді. Оқушыларға сөмке, кеңсе тауарлары, киім мен аяқ киім алуға көмек берген: «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Жастар гвардиясы» Жастар қоры, Павлодар қаласының Ақпейілділер клубы, конфессия аралық қатынасты талдау және дамыту Орталығы, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «Квазар», «Манақбай» сауда үйлерінің, жәрмеңке кешендерінің, «ЭКСИСИ КАЗ» фирмаларының жеке кәсіпкерлері.

Оқу жылының басына қала мектептерінің 30 оқушысы «Жақсылық жаса» акция барысында «Динара» сұлулық салонына барып, тегін шаш алғызды, 10 оқушы оқу жылана тегін қызмет түрін ала алады.

«Бірінші сыныпқа-алғаш рет» акциясының аясында 30 бірінші сынып оқушыларына көмек көрсетілді. Балалар кенсе тауарлары бар сөмке алды. Сөмкелерді жинақтауға «Кенсе ғаламшары» фирмасы, «Қазақстан Ұлттық Банкі», Қазақстан Еуразиялық банкі АҚ, Павлодар қаласының Ақпейілділер клубы,  «Павлодар қаласының Трамвай басқармасы» АҚ көмек берді. Демеушілер 3 қайырымдылық акциясының аясында 4,0 млн. теңге сомасына материалдық көмек көрсетті.

«Мектепке жол» акциясы кезінде БАҚ-қа 10 видео-сюжет, бағдарлама, сұхбат, 17 мақала, 10 радио бағдарламасы, 1404 плакат, баннерлер шығарылды. Акция барысы туралы материалдар білім беру бөлімінің сайтында, қала мектептерінің сайттарында басылып тұрды. Білім беру бөлімінде азаматтардың өтініштерін тіркеу үшін «Жедел желі» телефоны жұмыс істеді. Барлық мектептерде акция  бойынша ақпараттық бұрыштамалар дайындалып, шағын аудандарда парақшалар таратылды.

«Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы бойынша халықтың осал топтары балаларына жалпы 36725,80 мың теңгеге, сонымен бірге бюджеттен тыс - 16745,70 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.