ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жылдың үздік психологі» облыстық конкурстың қорытындысы
11-10-2017 09:42
«Жылдың үздік психологі» облыстық конкурстың қорытындысы

2017 жылғы 10 қазанда «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Жылдың үздік психологі» республикалық сайысының облыстық кезеңі өткізілді. Сайысқа облысымыздың 44 психологі, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 15 психологі қатысты.

Қатысушылар кәсіби шеберлік пен инновациялық технологияларды меңгерудің тәжірибелі деңгейін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында  І орынды № 26 ЖОМ психологі Жазира Пішембайқызы Омарханова, ІІ орынды Сабина Ғабдулуахитқызы Успанова (№ 40 ЖОМ), Жанар Бейсенбайқызы Ордабаева (№ 25 ЖОМ) иеленді. Номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Үздік психолог портфолиосы» - Татьяна Викторовна Панащенко, № 33 ЖОМ психологі, «Креативті психолог» - Майра Манапқызы Нұрмұхамедова (№ 42 ЖОМ). Үздік тақырыптық эсселер анықталды: «Психолог - болашақтың мамандығы» - № 17 ЖОМ психологі Марина Куатбекқызы Кенесбаева «Психолог және Мен» - Ботагөз Муратқызы Гауриева (№ 30 ЖОМ).

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2017 жылғы 1 - 3 қараша күндері Алматы қаласында өтетін республикалық сайыста Павлодар облысын қорғайтын болады.