Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Лингвистика бойынша ғылыми олимпиада
12-10-2017 06:51
Лингвистика бойынша ғылыми олимпиада

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2017 жылы 11 қазанда №22 ЖОМ негізінде 9 - 11 сынып оқушылары үшін лингвистика бойынша олимпиаданың  қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - лингвистика бойынша олимпиядалық резерв мектебін  құру және олимпиаданың қалалық деңгейіне оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру. Олимпиадаға қаланың № 14, 22, 39, 42  мектептерінен 25 оқушы қатысты.

Қатысушылар аударма, сөз мағынасын түсіндіру, тектес тілдердің салғастырмалы грамматикасын білу тапсырмаларын орындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша I орын иеленгендер Лобашова София, № 39 ЖОМ 11 - сынып оқушысы,  Акопова Юлия,  № 39 ЖОМ 10 - сынып оқушысы, Ешимова Сабина, № 14 ЖОМ  9 - сынып оқушысы. II орын иеленгендер Абаева Сабина, № 22 ЖОМ 10 - сынып оқушысы, Билялова Әлима, № 22 ЖОМ 11 - сынып оқушысы, Морец Таисия, № 42 ЖОМ 9 - сынып оқушысы. Аталған барлық  оқушылар олимпиаданың өңірлік турына қатысады.