Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2017 жылы 11 қазанда №22 ЖОМ негізінде 9 - 11 сынып оқушылары үшін лингвистика бойынша олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - лингвистика бойынша олимпиядалық резерв мектебін құру және олимпиаданың қалалық деңгейіне оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру. Олимпиадаға қаланың № 14, 22, 39, 42 мектептерінен 25 оқушы қатысты.
Қатысушылар аударма, сөз мағынасын түсіндіру, тектес тілдердің салғастырмалы грамматикасын білу тапсырмаларын орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша I орын иеленгендер Лобашова София, № 39 ЖОМ 11 - сынып оқушысы, Акопова Юлия, № 39 ЖОМ 10 - сынып оқушысы, Ешимова Сабина, № 14 ЖОМ 9 - сынып оқушысы. II орын иеленгендер Абаева Сабина, № 22 ЖОМ 10 - сынып оқушысы, Билялова Әлима, № 22 ЖОМ 11 - сынып оқушысы, Морец Таисия, № 42 ЖОМ 9 - сынып оқушысы. Аталған барлық оқушылар олимпиаданың өңірлік турына қатысады.