kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3113071
Бір айда237498
Бір аптада47164
Кеше7832
Тәулік285
«Балдәрен» (тұзды шахта) галокамераның ашылуы туралы
31-10-2017 11:41

2017 жылғы 26 қазанда сағат 10.00-де жаңа медициналық кабинеттің: галокамера немесе тұзды шахтаның ашылу презентациясы өтеді.Дәл осындай кабинет қала шетіндегі облысымыздың лагерьлерінде әлі жоқ.

Мақсаты - орталықта дем алып жатқан балалардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында замануи аппараттардың мүмкіндігін қолдану.

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында оқушыларға жайлы дем алу үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Әсіресе балалардың денсаулықтарын жақсартуға көп көңіл бөлінеді.

Орталықтапрофилактикалық-сауықтыру кешенібар, «Биоптрон» қолдануымен физиотерапиялық процедураларға арналған, ультрадыбыстық ингаляторғаарналған «Солнышко» ультракүлгін кварцпенсəулелендіру кабинеттері құрылған. Әсіресе оттегі коктейлі және фито-шай балаларғаөте ұнайды.

Галокамера (тұзды шахта) - ресейлік өңдірістегіжасанды микроклимат аппараты «Бризсоль-1» адам ағзасын тұзды ауаның әсерімен, яғни ауадағы тұзды микробөлшектердің тыныс алу жолдарына өтіп, ағзаны зиянды бактерийлерден тазартып сауықтандыруға негізделген. Галокамера микроэлементтермен қанықтандырылып, жоғары иондандырылғандықтан қанды оттегімен қанықтыруға және иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Орталық ашылғаннан бері 3 ауысымда 300 жуық бала сауықтандырылған. Орталықта 19 қазаннан бастап қала мектептерінің 120 оқушысына арналған 4 ауысым ашылды. Келесі 5 ауысымда қалалық және облыстық пән олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ішінен қала мектептерінің 100 оқушысы дем алады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі