kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3113071
Бір айда237498
Бір аптада47164
Кеше7832
Тәулік285
Балдәурендегі қолданбалы өнер қолөнершілері күні
10-11-2017 11:37
Балдәурендегі қолданбалы өнер қолөнершілері күні

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасы жүзеге асырылуда. 6 ауысым оқушыларын «Балдәурендегі Этно-fashion» бағдарламасы арқылы Ертіс өңірінің қолөнершілерінің, ұсталарының, модельерлерінің жұмыстарымен   және сынып сағаттарындақазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, тұрмысымен таныстыруға негізделген іс-шаралар дайындалды.

2017 жылдың 10 қарашасында өткен қолданбалы өнер қолөнершілернің

күні Балдәуренге Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының кәсіптік оқытудың теориясымен методикасы кафедрасының оқытушыларымен студенттері, халық шебері Қайыр Рақымжанов және ағаштан көркем ою шебері Мелжан Сыдықов келді. Халық шеберлері ұлттық нақышта орындалған, музыкалық аспаптар, ағаш ыдыс-аяқтар, сандыққтар сияқты бірегей бұйымдарды оқушылар назарына ұсынды. Балаларға арнап Райса сән Үйінің көрмелік қазақ ұлттық киімдері көрсетілді.

Шеберлер мен студенттер ағашпен жұмыс жасау бойынша шеберлік-сағаттар жүргізіп, ұлттық ою-өрнектердің тарихымен маңызы туралы әңгімеледі. Қаздарға құрақтардан композиция жасау бойынша шеберлік- сағатын  орталықтағы технология сабағының мұғалімі Беспаева Алма Қапенқызы өткізді.

«Мұндай шеберлік сағаттар балалардың кәсіби өзін-өзі тануына және шығармашылық  дамуына үлкен септігін тигізеді, дәстүрлі көркем өнерге деген сүйіспеншіліктерін дағдыландырады және жеткіншектерде отанына деген патриоттық сезімдерін тәрбиелейді», - дейді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Меруерт Қазбаева.