kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2980858
Бір айда218690
Бір аптада51338
Кеше7990
Тәулік11428
Алматыдағы жас суретшілер пленэрі
13-11-2017 06:43
Алматыдағы жас суретшілер пленэрі

26 қазаннан - 2 қарашаға дейін Алматы қаласының «Медеу»  биік таулы қонақүй кешенінде «Union» бағдарламасы шеңберінде  Қазақстанның көркемсурет мектептері, бейнелеу өнер студиялары, шығармашылық студиялар оқушыларына  арналған мастер-клас өткізілді. Бағдарламаға  Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 5 оқушысы қатысты.

«Сен суретшісін» Fashion-сурет  мастер-класында мектеп оқушылары, назарын тартатын,  сәнді киінген  адамдардың бейнесін суреттеуді  үйренді. Бейнелеу  аралас техника бойынша орындалған (акварельді қағазда акварель, тач-маркерлар және түсті карандаштар).

«Экслибрис» жоғары басып шығару мастер-класын Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, кесте-суретшісі Марзия Жумашева өткізді. Оқушылар қара-ақ экслибристі құрастырды, онда олар  өздерінің тегін, атын құрастырып, өздерінің қызығушылықтарын  айтты.

Панфилов көшесіндегі жолда  өткен пленэрде, суретшілер одағының өкілдері оқушылармен бірге  өздерінің (пастель, гуашь, акварель, және акрил бояулары) әр-түрлі бағытта және стильде және техникада пейзажды бейнелеу бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Сәңгер Ерлан Баукулов  брэнд-бук құрылымы, фирмалық  қаріп және түс таңдауы бойынша «Графикалық бренд» мастер-класын өткізді.Аида Кауменованың мастер-класында киімге түйреуіш түрінде креативті әшекейлер дайындау мүмкіндігі болды. «Тиффани»» техникасы бойынша витраж - шынымен жұмыс істеу мастер-класы қиын болып шықты.

«Алматылық хайуанаттар бағындағы қайырлы күн» акциясының шеңберінде барлық пленэр оқушылары балалар үйінің балаларына мастер-клас өткізді.

Пленэрдің бағдарламасы,  ойын-сауықтармен, қызық іс-шаралармен қаныққан: Бірінші Президент паркіне, хайуанаттар бағына, «Көктебе» кешеніне, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера  және  балет театрына бару. Негізінен пленэр «Медеу » биік таулы спорттық кешенінде өтті, сондықтан оқушыларда конкиде сырғанау мүмкіндігі болды.

Сабақтын соныңда «Балалар әлемді суреттейді.Қазақстан» республикалық сайыс лауреаттары  Қазақстанның оңтүстік суретшілернен  ең үздік сайыстық жұмыстарының   дипломдары және  альбом- кітаптарымен марапатталды. Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебі «Балалар әлемді суреттейді. Қазақстан» ЮНЕСКО аясында  жеңімпаздарды дайындау жобасының  жоғары деңгейі  үшін дипломмен марапатталды.