ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мазмұнын жаңарту тәртібіндегі көркемөнер еңбегінің сабағы
13-11-2017 09:37
Мазмұнын жаңарту тәртібіндегі көркемөнер еңбегінің сабағы

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 9 қарашада № 11 ЖОМ «Қалыптастырушы бағалау - сапалы оқытудың маңызды аспектісі» семинар-практикум өткізілді. Жалпы білім беру қала мектептерінің технология, бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар модераторы мектептің технология пәнінің мұғалімі Елена Анатольевна Хайрутдинова болды. Елена Анатольевна критериалды бағалаудың әдістері мен амалдары және көркемөнер еңбегі сабағын өткізу ерекшеліктері туралы теориялық материал ұсынды. Тәжірибе бөлімінде мұғалімдер топтарда  бағалау үшін қалыптастырушы тапсырмаларды құрау, сабақта кері байланысты орнату, рефлексияны өткізу бойынша жұмыс жасады.

Семинарда критериалды бағалау және көркемөнер сабағына арналған қалыптастырушы тапсырмаларды құру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерінің жұмыс тәжірибесімен алмасты, семинар материалдарын, жаднамаларды, ұсыныстарды алды.