ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» жастар патриоттық форумын өткізу туралы
27-11-2017 05:57

«Қазақстан болашағы біздің қолымызда»

жастар патриоттық форумын өткізу туралы

2017 жылғы 28 қараша күні сағат 15.00-де № 24 ЖОМ (Кутузов көшесі, 190) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» VI мектептік жастар форумы өтеді.

Мақсаты – патриоттық тәрбиені жүзеге асыру, саяси сана-сезімді, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.

Педагогтар, 400-ден астам 8 - 11 сынып оқушылары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының, Павлодар қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының, Қазақстан кәрістері қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының, мектептегі ата-аналар комитетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Студенттер қауымдастығының, қалалық маслихаттың өкілдері, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысады.

Форумның бағдарламасы – қонақтардың сөз сөйлеуі, «Алға Қазақстан» жастар флешмобі, «Молодежь - это мы - будущее страны», «Ел басы – елімен бірге» ұрандар айтылады.

Қол жеткізген табыстары мен жетістіктері үшін мектептік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділерін, ата-аналарды, педагогтарды, демеушілерді марапаттау рәсімі өтеді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі