Жаңартылған білім мазмұны жұмысының шеңберінде Павлодар қаласы жалпы білім беру мектептері педагогтарынының курстық дайындығы және қайта даярлауы жүзезе асырылады.
Білім беру бағдарламаларын оқытудың жаңа моделін енгізуі бойынша, 2017 жылдың басынан көптілдікті оқытудан 1266 педагог курстан өтті, соның ішінен 82 (30 басшы кадрлары) - Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілін арттыру институтында қысқа мерзімді курстан өтті. Педагогикалық шеберлік орталығында «Нәтижелі оқыту», «Мұғалімнің мектепте көшбасшылығы», «Педагогикалық қауымдастықта мұғалімнің көшбасшылығы» жаңа форматты курстарынан -102 (10 басшы кадрлары), мектеп тренерлеры «Тәжірибиедегі рефлексия» - 124 педагог өтті. Ағылшын тілін меңгеру курстарында жаратылыстану - математикалық циклінің 154 мұғалім оқытылады, оның ішінен 8 педагог В1 сертификатына ие, информатика, химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде жүргізу құқығын береді.
Үш тіліді меңгеруді жүзеге асыру бағдарламасының басты мақсаты ағылшын тілі мұғалімдері тілді меңгеру деңгейінің мәселелерін қарастырады. Тестілеу нәтижелері бойынша ағылшын тілін тереңдете оқытылатын 51 ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған мерзімдері анықталды (3-тен 5 айға дейін). Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2, 5, 7 сыныптарында 729 мұғалім курстан өтті, олардың ішінен 190 мұғалім бастауыш сынып мұғалімі, 444 пән - мұғалімдері, 15 мектеп директорлары, 20 тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, 60 - оқу жұмысы бойынша директордың орынбасарлары.
2018 жылда жаңартылған білім мазмұны бойынша 100% педагогтармен курстан өтілуі жоспарланып отыр, 158 педагог жаңа пәндер бойынша «Графика және жобалау», «Бизнес және кәсіпкерлік», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» курстарынан өтеді.