2017 жылғы 24 - 25 қараша күндері аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көлемінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Ертіс сыңғыры - 2017» қалалық балалар-жасөспірімдер бард әнінің фестивалін өткізді. «Достық» концерттік залында Павлодар қаласы № 9, 16, 25, 26, 28, 29, 32, 34, 36, 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептері, Оқушылар сарайы, Ұлттық жаңғыру мектебі мен орталық балалар бірлестіктерінің 180 астам оқушылары жиналды.
Үш жас топтары қатысушыларын тыңдау бес шығармашылық шеберханалары бойынша жүзеге асырылды: гитарамен сүйемелдеу негізінде орындалатын әндер, дуэт, ансамбль, авторлық әні, туристік-өлкетану әні. Алғаш рет сахнаға шыққан байқаушыларға жетекшілері әндерін музыкалық аспаппен сүйемелдеді.
Әділ қазылар алқасының төрайымы «Серебряные струны» авторлық әні клубының жетекшісі, Славян орталығы басқармасының мүшесі - Евгения Борисовна Бережная болды.
Фестивалдің қорытындылары бойынша жүлделі орындарды «Авторлық әні» аталымында - № 9, 28, 34 ЖОМ оқушылары, «Дуэт» аталымында - Ұлттық жаңғыру мектебі, Оқушылар сарайы, орталық тәрбиеленушілері, № 39, 40, 41 ЖОМ оқушылары, «Гитарамен сүйемелдеу негізінде орындалатын әндер» аталымында - №16, 26, 28, 29, 34, 36, 40, 41 ЖОМ оқушылары, орталық тәрбиеленушілері,«Ансамбль» аталымында - №16, 32 ЖОМ оқушылары, Ұлттық жаңғыру мектебі, Оқушылар сарайы тәрбиеленушілері, «Туристік-өлкетану әні» аталымында - № 9, 25, 36 ЖОМ оқушылары, орталық тәрбиеленушілері иеленді.
І дәрежелі дипломдарымен 11 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдарымен 7 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдарымен 6 оқушы, аталымдар бойынша грамоталарымен 23 оқушы, жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.
«Ертіс сыңғыры» фестивалі қатысушыларының саны көбейіп, оның беделі арта түсуде.