Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Котовасия» балалар әзіл суреті Халықаралық сайыстын жеңімпаздары болды. Сайыстын 20-жылдан астам тарихы бар және ол жыл сайын Россияның Башкортостан Республикасының Стерлитамаке қаласына келеді.
II дәрежелі дипломдарды 4 - 7 жастағы жас санаты бойынша 7 жастағы Кайстра Михаил «Кесте» номинациясы бойынша алды, кескіңдеме және композиция педагогі Ловина Ольга Ивановна, 7 жастағы Келдібеков Милан «Сәнді мысық» номинациясы бойынша алды, сурет педагогі Шайкенова Жанар Ержановна. Михаилдың «Сары мысық» суреті пастельмен орындалған, Миланның жұмысы «Күн көзінде» деп аталады және гуашпен жазылған.
III дәрежелі дипломдар 8 - 10 жастағы жас санаты бойынша 10 жастағы Титченко Яна және 10 жастағы Макина Анель «Сәнді мысық» номинациясы бойынша алды, кесте және сәндік-қолданбалы өнер педагогі Пернебаева Сауле Бейбутхановна. «Котовасия» және «Мысықтар» екі оқушының жұмыстары гуашпен жазылған. Сайысқа барлық мектеп оқушылардың 27 жұмысы жіберілді.
Сайысқа Россиядан, Украинадан, Беларусьтен, Болгариядан, Азербайжаннан, Өзбекстаннан және тағы басқа елдерден 4 - 17 жастағы жас суретшілер қатысты. Шамамен 6000 әр-түрлі техника бойынша орындаған оқушылар жұмыстарын жіберді (кескіңдеме, түсті қара-ақ кесте, коллаж, бастырма, батик, киізден киіз басу, қуыршақтар, керамика, қағазпластика ) .
Сатиралық сайыстын тақырыптары «Мысыққа барлығы той емес», «Мысық батыр - жау жойылсын», «Іскер мысықтар», сайыстың негізгі тапсырмасы балаларды дәстүрлі сатиралық кестеге (карикатура, әзіл, комикстер) үйрету болды.