Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде «Қазақ халқының халық-қолданбалы өнері» тақырыбында балалар фестивальі өткізілді.
Балалар фестивальінің салтанатты ашылуы 2017 жылғы 7 желтоқсанда облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтті. Балабақшалар тәрбиеленушілері түрлі тақырыпты - жыл мезгілін, әйел жасын, аймақтық ерекшелігін, мәртебесін бейнелей отырып, бас киімдердің салтанатты презентациясын ұсынды. Ұлттық киім - тарихи дерек көздердің бірі, Қазақстанның ұлттық мәдениетінің тірегі болып саналады. Қазақстанның әралуан және мол табиғаты қазақ халқының ұлттық киімне маңызды және түстік бейнесінің дамыуы мен қалыптасуына әсер етті.
Фестиваль аясында мұражайда қалалық № 21, 35, 38, 40, 51, 122 сәбилер бақшаларының тәрбиеленушілерімен жасалған, «Saү’keleli qazaqtyn qyzdary» балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Көрме 2017 жылғы 15-желтоқсанға дейін жалғасады. «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Павлодар қаласы тұрақты тұрғылықты тұратын орындары жоқ балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» Павлодар қаласының № 49 сәбилер бақшасы тәрбиеленушілерінің қатысуымен театрленген қойлымдар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазақ халқының халық-қолданбалы өнерін, рухани-өнегелі құндылықтарын жаңғырту және сақтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында № 33 сәбилер бақшасында «Жігіт сұлтаны» атты балалар сайысы өткізілді. Сайысқа Павлодар қаласы № 4, 8, 16, 18, 33, 20 сәбилер бақшаларының ұл балалары қатысты.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі мектепке дейінгі мекемелер секторының меңгерушісі Бақыт Қайроллақызы Қрықбесова өз сөзінде «Бүгінгі күні өзіндік мәдениетке деген қызығушылық жыл сайын неғұрлым өзекті боп саналады. Ұлттық киімге деген құрметті және қошеметті көз қарас - халық даналығының, болашаққа деген қамқорлығының, төл мәдениетімізді қайта құру және жаңғыртудың белгісі» - екендігін атап өтті.