ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Көкшетау қаласындағы туристік көпсайысы бойынша біріншілік
10-01-2018 09:48
Көкшетау қаласындағы туристік көпсайысы бойынша біріншілік

«Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру көлесінде Көкшетау қаласында туристік көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасы кубогының ІІ сатысы өткізілді. Жарыстарға Республиканың әртүрлі қалаларынан 60 астам оқушылары, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы құрамасы да қатысқан болатын.

Жарыс қорытындылары бойынша Артемов Никита, Сидоренко Михаил, Борисенко Данил, Марзалюк Полина, тәжірибелі ұстаз, «Пирамида» клубының жетекшісі Ридзаускене Ирина Валерьевна құрамындағы орталық командасы «Жеке», «Жұп», «Шыңдар» қашықтықтарында абсолют көшбасшысы атанды. Қатысушылар спорттық шаралардың бірнеше дүркін жүлдегерлері болып келеді.

Жеке есепте Артемов Никита I орын, Сидоренко Михаил III орын, «Жұп» қашықтығында- Артемов Никита және Марзалюк Полина I орын, Сидоренко Миша және Борисенко Данил II орын, «Техникалық» қашықтығында біздің спортшылар II орын иеленді.