kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3119463
Бір айда239444
Бір аптада49157
Кеше8430
Тәулік5751
Қала пән-мұғалімдерінің шығармашылық тобы
11-01-2018 08:55
Қала пән-мұғалімдерінің шығармашылық тобы

Жаңа оқу жылынан серіктестік ынтымақтастық шеңберінде Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалылы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен «Блум таксономияна сай оқу тапсырмаларды жобалау» мәселелері бойынша пән-мұғалімдерінің шығармашылық тобы құрылды. Педагогикалық және әлеуметтік ғалымдар Академияның корреспондент – мүшесі, Н.П. Сеременко топтың басшысы болды. Топтың құрамына № 1, 5, 6, 7, 12, 14, 15, 33, 34, 41 бастауыш сынып, математика, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдері енгізілді. Мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттыру үшін мұғалімдердің Б.Блумның таксономиясына сай оқу тапсырмаларын жобалауға қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

Заманауи білім беру мазмұнын жаңарту кезінде мұғалімдерден ой-өрісі кең дамыған, білім философиясын түсінген, заманауи педагогикалық технологиялармен, рефлексифті және болжамды дағдыларды қолдануын талап етеді. Шығармашылық топтағы мұғалімдердің жұмысы әдістемелік жұмыстың жүзеге асырылуының бір түрі болып саналады. Оқытудағы және тәрбиелеудегі жаңа технологияларды, әдістерді, әдіс, тәсілдерді тиімді жедел қолдануға қажеттілігіне байланысты, әдістемелік жұмыстың рөлі заманауи жағдайда анағұрлым көбейеді.

Шығармашылық топ жұмысының нәтижесінде мұғалімдер саналуан мәтін туралы хабардар болады, оқый алады, талдай жасай алады, Блум таксономиясына сай оқу тапсырмаларын жобалайды, мәтіннің жүйелі мағынысын түсінеді, жаңа тақырыпты, жалпы мақсатын анықтайды,  мәтінді белгілейді, өз мақсаттарына жету үшін мәтіннің мазмұнымен қолданады, педагогикалық қауымдастықтағы өміріндегі белсенді қатысу үшін функционалдық сауаттылықты дамытады.

Оқу-әдістемелік құралын құру жұмыстың нәтижесі болады. Топ жұмысының қорытындысы бойынша, үздік әдістемелік құралға конкурс өтеді. Шығармашылық топтың барлық қатысушылары институттың сертификаттарын алады.