ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің емтихан жұмыстарының қорытындысы
12-01-2018 09:14
Жас суретшілердің емтихан жұмыстарының қорытындысы

Павлодар қаласының № 2 балалар көркем сурет мектебінде І жартыжылдық бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарының емтиханы өтті. Жұмыс талдауы бастауыш сынып оқушыларының композиция бойынша жасаған жұмыстары декоративтілікпен, түстердің толықтығымен орындалғаның көрсетеді. Мүсін бойынша оқушылар «Амос» (саз) ашық материалынан ертегі кейіпкерлерін жасады.  Орта мектептің оқушылары техника жұмысы бойынша түрлі жұмыстарды ұсынды. Бейнелеу, көркем сурет, композиция сабақтарында олар кеңістік, ауа, сәулетті көрініс міндеттерін орындады.

Жоғарғы сынып оқушыларының композиция бойынша маймен кенепте орындалған  табиғаттың түрлі бейнесі көздің жауын алады, педагогтар Анжелика Николаевна Бамбуляк және Татьяна Васильевна Ахметжанова. Педагог Анжелика Николаевнаның акварельмен орындаған көркем суреті жарыққа, әсемдікке, жұмсақтық пен тазалыққа толы. Анжелика Николаевна сонымен бірге компьютерлік графика сабағын береді, оның пән бойынша 5-ші сыныптағы нәтижелері қуантарлық-декоративті құттықтау ашық хаттары. 4 - 5 сынып оқушыларының батика техникасындағы шарфтар мен мойын орамалдары көзге бірден түседі.

Татьяна Васильевна жоғарғы сыныптарға академилық сурет пен көркем суретті береді, жұмыстарда оның сауатты тәлімі, тамаша нәтижесі көрініп тұрады, жұмыстарынан тынымсыз еңбек пен талдап тексеру байқалады.

Сауле Бейбитхановна Пернебаева,  Ольга Ивановна Ловина  жетекшілік ететін бастауыш сыныптың жұмыстары шағын, бірақ детальдарға толы, түрлі әр алуан фигуралар, рельефті ашық хаттар және шырша ойыншықтары көп еңбекпен жасалған.

Ольга Ивановна Ловина оқушыларының алғашқы жұмыстары киізден жабағылану техникасында зергерлік өнер бойынша стильді және айрықша болып келеді.

Валентина Петровна Степанко  осы жолы әдемі рельефті қыш тақташа жұмысын ұсынды, оны мүсін бойынша 1-ші сынып оқушылары гипстен құйды.

2-ші сынып оқушылары ағаш бойынша хохломдық қолды көркем және ынтамен орындады, педагог Раиса Петровна Степанко.

1, 2, 4-ші сынып оқушылары классикалық реализм стилінде, жай қарындаштармен суреттер мен көркем сурет бойынша ашық және бейнелі натюрмортжұмысын ұсынды, педагог Оксана Валерьевна Сидоренко.

Даярлық сыныптарының педагогтері Жанар Ержановна Шайкенова  мен Сауле Бейбитхановна Пернебаева аралас техникасында орындалған, қара-ақ әдемі декоративті графиканы ұсынды.

Александра Станиславовна Ловина-Самошкинаның түс кілеміндегі түстер өзара үйлесімді. Педагог сондай-ақ ермексаздан мүсін бойынша «Розетки» фантазиялық рельевті ұсынды.

Бейнелеу, көркем сурет пен композиция бойынша бастауыш, даярлық сыныптарындағы оқушылардың көп бояулы және көркем жұмыстарының алуан түрлілік техникасы қуантты, педагогтар Ловина О. И., Шайкенова Ж. Е., Степанко Р. П., Одарчук Е. А., Саменова Д. С.