ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Балауса - 2018» қалалық балалар шығармашылығы фестивалі туралы
18-01-2018 15:28

2018 жылы 25 қаңтарда сағат 10.00-де Павлодар қаласы № 29 ЖОМ (Катаев көшесі, 22) «Балауса - 2018» қалалық балалар шығармашылығы фестивалі «Бағдарлама жүргізушілері» номинациясы өткізіледі. Фестиваль мақсаты -шығармашылықтың әртүріне баулу,таланттарын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін қолдау және ынталандыру. «Балауса» көп жылдар бойы сахнаға қаланың талантты оқушыларын жинайды, жаңа жас «жұлдыздар» ашылады, балаларды өнердің әртүріне баулиды.

Шығармашылық сайысқа қаланың мектептен тыс мекемелерінің тәрбиеленушілері және жалпы білім беру мекемелерінің 80 аса оқушылары қатысады. Қатысушылар жасы 13 - 17 жас. Жүргізушілер орындауы көрермендермен қарым-қатынасы, көпшілік алдында орындау шеберлігі,ерекше идеялары және шығармашылық ойы,өз стилімен ерекшеленеді.

Биылғы жылы байқау төрт номинацияда өтеді:

Бағдарлама жүргізушілері- 25 қаңтар

Ерекше жанр - 15 ақпан

вокал –15 наурыз

хореография -12 сәуір.

Үш жас ерекшелік топтарының (7 - 10 жас, 11 - 13 жас, 14 --17жас) жеке номинация байқауының қорытындысы сәуір айында гала-концерттежасалады.

Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы фестивалді ұйымдастырады және өткізеді.

Орталық тел. 322343.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі