ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кішкентай сабын жасаушы кәсіпкер
18-01-2018 15:41
Кішкентай сабын жасаушы кәсіпкер

Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Балнұр Аманкелді ерекше кәсіппен шұғылданады. Ол әртүрлі формада, хош иісті сабын дайындайды. Іскерлік әлеміне батыл қадам басқан жеткіншек болашақта бұл кәсібінің табыс көзіне айналарына сенімді. Балнұрдың балапан бизнесін қолдауға ниет білдіргендердің дені ересектер. Сабын әртүрлі геометриялық фигуралар, жүрек, гүл, қуыршақ формасында дайындалынады.

 Балнұр биылғы қысқы демалыста Алматыға арнайы барып, жақын туысынан сабын жасаудың қыр-сырын үйреніп келген. Балнұр сіңілісі Нұраймен бірлесіп келген тапсырыстарды асқан қызығушылықпен орындайды.

Салмағы 70 - 90 грамм сабынды жасауға 15 - 20 минут уақыт жұмсалады. Адам ағзасына аллергия тудырмас үшін иіс майлары да шамалап қолданылады.  Сабын жасау үшін қажетті шикізаттар,  әртүрлі формадағы қалыптар, түрлі-түсті бояулармен ата-анасы және туыстары қамтамасыз етеді.

Әрқайсысы 300 - 350 теңге тұратын жуғыш заттардың сапасы тұтынушылардың көңілінен шығуда.

Кішкентай кәсіпкер болса түскен табыс көзін жеке есеп-шотта сақтап, кейін арнайы іскерлік орталығын ашуды армандайды. Орталықта апалы-сіңілілі жеткіншектер қатарластары арасында қолөнер кәсібіне үйренуге қалауы бар болса, оларға шеберлік сабақтарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.