ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық сайыстың ең құрметті сыйлығы
19-01-2018 09:47
Халықаралық сайыстың ең құрметті сыйлығы

Марокконың Рабат қаласындағы ақпан айында ресим тұсаукесері өткен 2017 жылғы «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» халықаралық сайысының альбомдар жиынтығы жарыққа шықты. Ал осы альбом-каталогтың тысын қаптау үшін,  халықаралық қазылар алқасының шешуімен Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, 11 жастағы Карина Төлегенованың «Жібек жолы» атты жұмысы таңдалынды.

Сурет фломастерлер мен сиялы графиканың аралас техникасында орындалған, ұстазы Сәуле Бейбітхановна Пернебаева. Жұмыстың түпнұсқасы Ислам әлемінің 30 елі мен аймағынан жиналған басқа да балалардың жұмыстарымен, ИСЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша құрылған Ислам ұйымы) штаб-пәтеріне жіберіліп, көрмеде орын алатын болады. Халықаралық сайыстың ережесі бойынша Карина ерекше сыйлықпен қатар арнайы дипломмен марапатталады.

Сондай-ақ 11 жастағы Карина Найманова гуашьпен орындаған «Сәндік натюрморт» суреті, ұстазы Анжелика Николаевна Бамбуляк және 15 жастағы Бауыржан Смаилов пен Даниил Юминовтың майлы бояулармен орындаған пейзажы, ұстазы Татьяна Васильевна Ахметжанова сайыс жүлдесіне ие болды. Барлық оқушылар байқау жеңімпаздары дипломдарымен марапатталды.

Сол уақытқа дейін Астана қаласында Ислам ынтымақтастығын ұйымдастыру Саммиті шеңберінде «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» халықаралық жобасының балалар суреттерінен көрме ұйымдастырылған еді. Өзінің бастауын 1999 жылы алған осы бірегей жоба алғаш рет үлкен санды халықтар мен ұлттар балаларының басын қосты. Ислам әлемінің 25 елінен ұсынылған 3 - 17 жас аралығындағы балалар суреттері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО ісі бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының қолдауын алған «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қоры ұйымдастырған көрмеге қатысаты болады.

Жыл сайын байқау соңында ең үздік деп танылған жұмыстар жобасынан альбомдар жиынтығы шығарылады. Осылайша осы көрменің шеңберінде Қазақстан астанасында «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» 2017 жылғы жобасының жарқын суреттерге толы балалар альбомының таныстыру рәсімі өтті. Ал Мороккода ИСЕСКО-ның штаб-пәтерінде жеңімпаздарды ресми марапаттау мен альбомның тұсаукесері өтетін болады.