Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығына биыл жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасының 9 балалары жіберілді. Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 4 сынып оқушылары орталықта 6 ақпаннан 28 ақпанға дейін болады.
Орталықтың қызметі халықаралық балалар орталықтарының ең үздік дәстүрлерінде өткізілуде. Орталықта балалар медициналық ем, заманауи медициналық технологияларды пайдалаумен емдеу-сауықтыру процедураларын алады. Белсенді түрле таза ауада дем алып, күніне 6 рет тамақтанатын болады.
Денсаулықтарын нығайтып, өте көп жақсы сезімдерді алу, оларға мәдени-көңіл көтеру, спорттық іс-шараларға, қызығушылықтары бойынша сабақтарға қатысуға мүмкіндік береті. Оқушылар орталықта денсаулықтарын нығайтып және дем алудан басқа мектеп бағдарламасы бойынша оқуларын жалғастыра алады.