ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектептегі роботтардың көрмесі
20-02-2018 10:37
Мектептегі роботтардың көрмесі

Павлодар қаласының № 41 ЖОМ-да 2017 жылдан бастап робототехника үйірмесі жұмыс жасап келеді. Үйірмеге 60-тан астам 4 - 5 сыныптардың оқушылары қатысады. Үйірме сабағында білім алушылар компьютер алдында отырған уақыттарынан пайда алуды үйренеді. Қатысушылар үшін компьютер білу өз жобаларын, ойындарын құрастыруда, робаттарды, жеке ғаламтор-желісін модельдеу мен бағдарламалауда, кейіпкерлерді анимациялауда құрал болып табылады. Роботтарды жинау үшін физика, математика, АЕТ, сызу, 3D-модельдеу негіздері білімі де қолданылады.

5 - 7 сынып оқушылары LEGO® MINDSTORMS® EV3 құрылым жинағымен қолданады, жай заттарды құрастыруды үйренеді де, содан кейін интербелсенді роботтарды жасау үшін оларды бағдарламалайды.

Үйірме қатысушылары өз жұмыстарының қорытындысы бойынша мектептероботтардың көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде 10 және одан аса С-3 роботтар ұсынылды. Роботтарды презентациялауда 8 сынып оқушысы Денис Таран робототехниканың даму тарихын баяндады, роботтардың әр түрімен таныстырды. «LEGOmindstorm -  NXT» құрылымның жарнама ролигі ұсынылды, қадам басатын роботтың моделі, робот-крокодильчик көрсетілді. Оқушылар үшін ең қызықтысы өз қолымен жинаған роботтардың көрсетілімі болды. Білім алушылар 8 сыныптың оқушылары Денис Таран мен Владислав Алдушинмен құрастырылған «Піл» лего-роботын, 4 сынып оқушылары Даурен Байдельдинов пен Ахмет Мухаметжанмен құрастырылған «Ит» роботын және 4 сыныптың бір топ балаларымен (Сидорук Егор, Манюкова Анастасия, Рыбалев Денис, Тецлов Данил) құрастырылған «Тікұшақ» лего-роботын зерделеу қызықтырды.