Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі мекемелердің жас басшылары мектебінің сабағы № 23 сәбилер бақшасында өткізілді. Шараның мақсаты - басқару қызметінде теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Қаланың сәбилер бақшаларынан 16 жас басшы қатысты.
Сабақ барысында № 49 сәбилер бақшасының басшысы Жанат Асқарқызы Смағұлова мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар бойынша түсініктеме берді, оларды орындау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, құжат айналымының слайдтық таныстырылымын көрсетті. Қатысушылар назарына басшының құжаттама жүргізуі мен ресімдеуінің, іс-қағаздар жүргізуінің материалдары ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.