ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мұғалімдерінің ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары
07-03-2018 11:44
Қала мұғалімдерінің ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау, педагогикалық еңбекті ынталандыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары - 2018» конкурсы өткізілді. № 7 ЖОМ 2018 жылдың 2 наурызда қаланың жалпы білім беру 33 мектептерінен 458 мұғалімдердің 157 өтінім берген жұмыстардың сараптамасы өткізілді.

Конкурстық жұмыстары 18 оқу пәндерінен ұсынылды (қазақ тілі және қазақ әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті, шет тілі, математика, қоғамдық пәндер, география, биология, химия, физика, информатика, бастауыш мектеп, технология, бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, бастауыш және әскери дайындық, өзін-өзі тану, психология, логопедия).

Педагогтер өздерінің зерттеулерінде сабақ берген пәндерінен біртұтас әдіснамалық тәсілді көрсетті. Конкурстық материалдар педагогтердің күнделікті көп еңбекті талап ететін жұмысын, ізденушілердің әлеуетті мүмкіндіктерін көрсетті, оларда жұмысының тәжірибиесі, білім сапасын арттырудағы педагогиканың, психологияның және менеджменттің табыстары қолданылды.

Конкурс тәжірибиелі педагогтермен бірге жас педагогтердің арасынан жаңа есімдерді ашты.

Конкурстың нәтижесі бойынша 57 финал қатысушылары 35 шығармашылық топ, көп жүлделі орындарды № 12 (5), № 37 (5),  № 40 (5), № 17 (4), № 19 (4), № 34 (4) ЖОМ мұғалімдері алды.

Бастауыш сынып мұғалімдері арасынан 10 мұғалім финал қатысушылары, 5 шығармашылық топ, қазақ тілінен - 10 финал қатысушылары және 7 шығармашылық топ, тарихтан (2 финал қатысушылары және 6 шығармашылық топ), шет тілдері - 3 финал қатысушылары, дене шынықтыру (3), АӘД (1), математика (3 финал қатысушылары және 2 шығармашылық топ, физика (1), сызу (1), информатика (1 шығармашылық топ), география (1 финал қатысушысы және 3 шығармашылық топ), биология (3 финал қатысушылары және 3 шығармашылық топ), химия (1 финал қатысушысы және 1 шығармашылық топ), орыс тілі (7 және 3), музыка бойынша (1 және 1) психологтар және логопедтер (4), технология (4), өзін-өзі тану (1 және 3), әдістемелік жұмысы (1).

Қалалық конкурсының жеңімпаздары және жүлдегерлері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды және мамыр айында облыстық конкурста қатысады.