ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Туған ел - туған жер» үздік авторлық бағдарлама
13-03-2018 10:05
«Туған ел - туған жер» үздік авторлық бағдарлама

      Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2018 жылдың 2 наурызда «Туған ел - туған жер» авторлық бағдарлама конкурсын өткізді. Мақсаты - педагогикалық кәсібінің беделін арттыру, «Мәңгілік ел», «Туған ел - туған жер» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша авторлық оқу бағдарламаларын құрастыру, IT-құзыреттілігін, қаржы және азаматтық сауаттылығын, метатану, метақұзыреттілікті қалыптастыру.

         Конкурсқа қаланың 20 жалпы білім беру мектептерінен  77 мұғалімнің 50 жұмысы мәлімдеді. Конкурстық жұмыстары 12 оқу пәндерден ұсынылды (қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, математика, қоғамдық пәндер, география, биология, химия, физика, информатика, шет тілі, музыка).

         Алқалы сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды - № 16 ЖОМ музыка мұғалімі Н. Я. Бурлакова, № 29 ЖОМ химия мұғалімі Н. В. Твардовская, № 42 ЖОМ математика мұғалімдері А. С. Касымканова, Б. А. Сугралинова, № 16 ЖОМ биология мұғалімі Е. Л. Чайковская, № 9 ЖОМ тарих мұғалімі Г. Кульжанов, № 19, 22 бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Р. К. Шахманова, А. И. Баймульдинова, К. А. Балтабаева, М. М. Журсунова, А. Е. Жакупова, Н. Т. Шаханова, А. Т. Апсаликова, И. К. Огазова, З. Б. Смагулова), № 2, 12, 14, 21, 22, 25, 35, 38, 40, Жетекші ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Б. Ю. Сагындыкова, Г. А. Есхожина, А. С. Такиева, А. Б. Шанашова, Р. К. Дюсенова, А. Ж. Уалинова, Ш. А. Шакенова, З.А. Абдикаримова, А. Е. Файзолданова, Б. Сырнай, К. Б. Тулеуова, Н. Н. Мырзатаева, Г. О. Орынгазиева).

         2018 жылдың сәуір айында республикалық конкурсының облыстық кезеңінде Павлодар қаласын конкурстың жеңімпаздары ұсынады.