ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 41 ЖОМ-да облыстық семинарды өткізу туралы
13-03-2018 13:51

Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-да 2018 жылғы наурыздың 15 облыстық білім беру басқармасы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша заманауи мектептің ведомствоаралық қатынастың тиімді бағыттары» тақырыбына семнар өтеді. Семинарға облыстың жалпы орта білім беру мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары мен салауатты өмір салтын үйлестірушілері қатысады.

Семинарда мектептің № 3 поликлиникасымен, ИНеУ, ПМПУ, ТЖ Департаменті, Тәжік-Ауған шекарасында қарулы қақтығыс локальді әскердің әскери Одағымен, «Самал» сауығу орталығы, СӨС қолдау орталығымен атқарылған жұмыс тәжірибесі ұсынылады.

Семинар барысында заманауи білім беру ортасында денсаулық сақтау технологиясын енгізу бойынша, № 41 денсаулық нығайту мектеп негізінде ведомствоаралық көпжақты әскери-патриоттық тәрбиедегі қатынас, инклюзивті білім беру жағдайында білім беру орталығының мазмұндылығы және тағы басқа сұрақтар жөнінде мамандар тәжірибесімен алмасады.

Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылар 22 секцияда жұмыс жасайды - ата-аналардың қатысуымен дұрыс тамақтану мәселесі бойынша дөңгелек үстел, су мен су қоймасындағы қауіпсіздік туралы тәжірибелік сабақ, арнайы медициналық топ оқушыларының қатысуымен мүсінді түзеу, гепатитті, зиян қылықтарды алдын алу, спортпен шұғылдану, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде әскери-патриоттық тәрбие, инклюзивті білім беру жағдайында білім саласының мазмұндылығы.

Семинар қатысушылары үшін мектептің «Біз СӨС-ті қолдаймыз» насихаттау тобы өз бағдарламасын ұсынады.