ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу үрдісінің сапасын жақсарту мәселелерінде отбасының және мектептің өзара әрекеттестігі
11-04-2018 09:35
Оқу үрдісінің сапасын жақсарту мәселелерінде отбасының және мектептің өзара әрекеттестігі

№ 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ Павлодар білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жас директор орынбасарларының мектеп отырысы: «Жаңартылған мазмұнды енгізудің аралық нәтижелері. Оқу үрдісінің сапасын көтеру мәселелерінде отбасының және мектеп арасындағы өзара әрекеттестігі» тақырыбында өтті. Тыңдаушылар 5 - 7 сыныптардың ата-аналарының қатысуымен, ток-шоу нысанындағы пәндік әдістемелік бірлестіктердің және ғылыми-әдістемелік кеңестің ашық жиналысына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ток-шоуға 120-дан астам ата-аналар, 17 педагог, қала мектептерінің 20-дан астам директорларының орынбасарлары қатысты. Ток-шоу барысында оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлері тыңдалды. Ток-шоудың модераторы ретінде № 34 мектептің директор орынбасары - И. О. Поляков тыңдалды. Диалогқа мектеп директоры Б. Қ. Айғожин, білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова, Т. А. Савченко, Н. Г. Дремова, Н. П. Шавенкова, В. Н. Мисщенчук, К. Арынова, № 34, 16, Жетекші жалпы білім беру мектептерінің директор орынбасарлары, № 34 мектептің орыс тілі мұғалімдері Н. А. Еленич, А. Г. Кулибаба, ағылшын тілі мұғалімі Ю. Л. Кондратенко, қазақ тілі мұғалімі И. Ж. Жакупова қатысты.

Ток-шоудың қатысушылары білім беру процесінің сапасын көтеру мәселелерін талқылады. Ата-аналар үшін жаңа мазмұнды бағалау мен оқушыларды бағалау жүйесі туралы жазба қызықты болды.

Бастауыш мектеп қауымдастығының ата-аналары арасында да диалогтықтілдесу өткізілді, модератор болып бастауыш сынып бойынша директор орынбасары Н. А. Устина тыңдалды. Бастауыш мектепте, білім мазмұнын жаңарту және басқа да бағалау жүйесі бірінші сыныптан бастап, екінші жыл жүргізілуде, сондықтан білім беру мазмұнын жаңартылған мазмұнын еңгізуді бастауыш мектебінің оқушылары мен ата-аналары жеңіл қабылдады, себебі басқа бағалау жүйесімен таныс емес еді, сонымен қатар кері байланысты ұйымдастыру мәселелері белсенді талқыланды.

Отырыс соңында қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірленді және бекітілді.