ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Білім мазмұнын жаңарту бойынша ғылыми-практикалық конференцияға қатысу
13-04-2018 09:15
Білім мазмұнын жаңарту бойынша ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Білім берудің жаңартылған мазмұны: теория, тәжірибе, перспективалар» атты ғылыми-практикалық конференцияға облыс  педагогтерімен қоса қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің 35 мұғалімі қатысты.

Конференция педагогикалық шеберлік орталығының, Назарбаев зияткерлік мектебінің, облыстың білім беруді дамытудың инновациялық орталығының,  директорлар, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдердің қатысуымен жаңартылған білім мазмұны бойынша диалог алаңы болды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері сабақ жоспарлау, дифференциалды оқыту, оқушылардың дарындылығын дамыту тәжірибелерін ұсынды және мастер-класс өткізді. Ағылшын, қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, өнер пәндерінің ашық сабақтарына қатысып, мұғалімдердің талдау және өз-өзін талдауына қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнын, критериалды бағалауды, пәндерді оқыту әдістерін жоспарлау мен жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.