ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаты
28-04-2018 17:55
«Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаты

«Балауса - 2018» қалалық балалар шығармашылығы фестивалі ең нөмірлермен Гала-концертпен аяқталды. Фестивалге «Эстрадалық вокал», «Ерекше жанр», «Бағдарлама жүргізушісі», «Хореография» номинациясында Павлодар  қаласының  40 мектебінен шығармашылық ұжымдар қатысты.

3 ай бойы 1000 аса балалар фестивалдің 4 ірі турында өз шығармашылық көркемдік нөмірлерін үсынды. Қала мектептерінің 186 өнер көрсеткен оқушыларының 65 көркемдік нөмірі ең жақсы деп танылды және оқушылар фестиваль лауреаты атанды.

Фестивалдің қорытынды гала-концертінде лауреат атағымен 3 жас ерекшеліктегі қатысушылар белгіленді (7 - 10, 11 - 13, 14 - 17 жас).

«Балауса - 2018» абсолюттік жеңімпазы шығармашылық  марафонының барлық жанрында ең жақсы нәтиже көрсеткен № 29 ЖОМ алды, мектепке фестивалдің ауыспалы кубогы тапсырылды. Гала-концерт жүргізушілері «Бағдарлама жүргізушісі» номинациясында фестиваль лауреаты Кенжекөл ЖОМ оқушысы Шакенов Бахтияр және Кисабаева Дария және № 7 мектеп оқушысы Байдюсен Тоғжан.

Гала концертті № 28 мектептің «Даймонд» хореографиялық ансамблі ашты. Гала-концертке № 37 мектептің шығармашылық ұжымы «Жас толқын» вокалдық топ, «Жайна» хореографиялық ансамбль, № 40 мектептің би ұжымы «Акванрель», № 29 мектептің «Надежда» ұжымы, № 17 - «Тамшылар», № 22 - «Шаттық», № 35 - «Қарлығаш», № 39 - «Ритмы планеты», № 7 - «Балалық»,вокалдық топтар «Әуен» № 22 мектеп, «Стиль» № 34 мектеп, «Еркетай», «Алау» № 12 мектеп, квартет «Голд» Макпалеев атындағы № 4 мектеп.

Фестиваль лауреаттарына «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдары тапсырылды.