«Балауса - 2018» қалалық балалар шығармашылығы фестивалі ең нөмірлермен Гала-концертпен аяқталды. Фестивалге «Эстрадалық вокал», «Ерекше жанр», «Бағдарлама жүргізушісі», «Хореография» номинациясында Павлодар қаласының 40 мектебінен шығармашылық ұжымдар қатысты.
3 ай бойы 1000 аса балалар фестивалдің 4 ірі турында өз шығармашылық көркемдік нөмірлерін үсынды. Қала мектептерінің 186 өнер көрсеткен оқушыларының 65 көркемдік нөмірі ең жақсы деп танылды және оқушылар фестиваль лауреаты атанды.
Фестивалдің қорытынды гала-концертінде лауреат атағымен 3 жас ерекшеліктегі қатысушылар белгіленді (7 - 10, 11 - 13, 14 - 17 жас).
«Балауса - 2018» абсолюттік жеңімпазы шығармашылық марафонының барлық жанрында ең жақсы нәтиже көрсеткен № 29 ЖОМ алды, мектепке фестивалдің ауыспалы кубогы тапсырылды. Гала-концерт жүргізушілері «Бағдарлама жүргізушісі» номинациясында фестиваль лауреаты Кенжекөл ЖОМ оқушысы Шакенов Бахтияр және Кисабаева Дария және № 7 мектеп оқушысы Байдюсен Тоғжан.
Гала концертті № 28 мектептің «Даймонд» хореографиялық ансамблі ашты. Гала-концертке № 37 мектептің шығармашылық ұжымы «Жас толқын» вокалдық топ, «Жайна» хореографиялық ансамбль, № 40 мектептің би ұжымы «Акванрель», № 29 мектептің «Надежда» ұжымы, № 17 - «Тамшылар», № 22 - «Шаттық», № 35 - «Қарлығаш», № 39 - «Ритмы планеты», № 7 - «Балалық»,вокалдық топтар «Әуен» № 22 мектеп, «Стиль» № 34 мектеп, «Еркетай», «Алау» № 12 мектеп, квартет «Голд» Макпалеев атындағы № 4 мектеп.
Фестиваль лауреаттарына «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдары тапсырылды.