Оқу-сауықтыру «Балдәурен» орталығында «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» қалалық семинары өткізілді. Семинарға 100-ден астан тәрбие ісінің меңгерушілері, мектепішілік лагерь директорлары және мемлекеттік мекемелердің өкілдері жиналды.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәселелері жөнінде ювеналды полиция, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, өрт қауіпсіздігі мен суда құтқару қызметтері, психикалық денсаулық орталығы, «Рухани жаңғыру» жобасы кеңсесінен мамандары сөз сөйледі.
Осы семинарда оқушылардың жазғы демалыстарын белсенді және қауіпсіз демалуларына жүйелі жұмыс істеп, қажетті жағдайлар жасау керектігі айтылып және талқыланған сұрақтар ең өзекті екенін атап өтті.