ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас педагогтардың ғылыми-әдістемелік конференциясы туралы
16-05-2018 16:07

2018 жылдың 17 мамырында сағат 16.00 Инновациялық Еуразия университетінде (Ломов, 45) «Жас мамандарды кәсіби және жеке қалыптастыру» атты ғылыми-әдістемелік конференция өткізіледі.
 Конференцияға Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің 353 жас мұғалімі қатысады.
 Конференция бағдарламасында білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіптік құзыреттілік, жас мамандардың кәсіби шеберліктерін дамыту траекториясы, жаңадан келген жас мамандарды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша сөз сөйлеулермен бандамалар, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға, зияткерлік сайыстарға, конференцияларға қатысу мониторингінің нәтижелерін қорытындыларын шығару.
 ИнЕУ-дің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембаев Амангелді Рақышұлы «Білім мазмұнын жаңарту нәтижесінде коммуникативті құзыреттілік» тақырыбында баяндама жасайды.
 Павлодар білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Нұрахметова Шолпан Саменқызы, жас оқытушыларға арналған «ПроЛС» клубының жетекшісі, № 24 жалпы орта мектеп директорының орынбасары, Казимова Айгуль Шапкенқызы, модератор, «ПроЛС» клубының мүшесі, № 29 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Эсполова Алтынгүл пікірталасқа қатысады.
 Конференцияда Павлодар қаласының білім беру бөлімі кәсіподақ ұйымының мадақтамасымен, алғыс хаттарымен, ең үздік жас педагогтарды, гран-при иегерлері, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.

Павлодар білім беру бөлімі