ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар оқушылары болашақ роботтарын құрастыруда
21-05-2018 15:15
Павлодар оқушылары болашақ роботтарын құрастыруда

Аймақтық робототехника фестиваліне № 9, 11, 19, 28, 37, 39 ЖОМ оқушылары өз жұмыстарын ұсынды.

«Слалом» категориясы бойынша № 9 ЖОМ-нің 9 сынып оқушылары Щербакова Дарья, Шабунин Владислав, Бахматова Валерия,  «КегельрингКвадро» категориясындағы 8сынып оқушысы Байдильдин Темир жүлделі орындарға ие болды.

№ 11 ЖОМ-нің 5 сынып оқушысы Айпара Сыздыкова мен Артем Малых ыстық таңғы асты жылдам әзірлеуді көрсетті. Олардың құрастырған роботы болашақта дәмді және пайдалы таңғы асты әзірлеуге уақыт жетпеу мәселесін шеше алады. «Pancakebot» жобасы тамақтану сапасын жақсартуға және адам өмірінің сапасын арттыруға көмектеседі. Роботты құрастыру үшін блины пісіргіш қолданылды, оған қамырға арналған пластикалық мөлшер орнатылды, оны ашып қамыр құюға арналған деталь жалғанды. Бір блины пісіруге екі минут уақыт кетеді. Айпара Сыздыкова мен Артем Малых әзірше тек қана өз сыныптастарын ғана тамақтандыруда. «Pancakebot» жобасымен робототехника үйірмесінің жетекшісі Рустам Садыков № 11 ЖОМ атынан төртінші рет роботехника сайысына қатысып отыр. Олардың портфолиосында адамды қажет етпейтін көпір, сондай-ақ болашақтың мобильді тұрағы бар. Мектеп үйірмесіне 60 оқушы қатысады.

№ 19 ЖОМ-нің 3-сынып оқушылары Абдирахман мен Абдирахим Куандык робототехникамен 5 жасынан бастап айналысады, бірінші сыныптан үйірмеге қатыса бастады. Робототехника үйірмесінде бірнеше робот құрастырып қойды, қоқысты жинау және жылжымалы жүк таситын лифт. № 19 ЖОМ-нің информатика мұғалімінің сөзіне қарағанда, ерекше лифтті пультпен, не болмаса кабинетке бекітіліген «люлка» арқылы басқаруға болады. Оны доңғалаққа қояды, ал берік болу үшін корпусқа кигізуге болады. Егіз баланың соңғы жобасы - футболкаларды бүктейтін, 4 мотордан тұратын құрал. Бұл роботтың тек бастамасы ғана, егер де оны аяқтаса,пиджак, жейде, шалбарды да бүктей алады.

 № 28 ЖОМ-нің оқушылары Ярослав Картавых пен Кирилл Голотвин «Следование по линии» категориясы бойынша белсене қатысты.

№ 37 ЖОМ-нің 9 сынып оқушылары Алишер Амергалиев пен Касымхан Шайменов «Умный дом» тақырыбы бойынша жобасын іске асырды. «Егер де үйге 20 метр қашықтықта адам жақындаса, біздің жағдайымызда 20 сантиметр, автоматты түрде дабыл қағылады, - деп балалар түсіндірді.  Бұдан әрі үйге кіргенде, шапалақпен жарық жағуға болады. Сонымен қатар бөлме гүлдеріне су құю керек деген қожайынға хабарлау жүйесі қарастырылған. Оқушылар айтқандай: «Умный дом» ХХІ ғасырдың маңызды тақырыбы болып табылады, оны үздіксіз жетілдіре беруге болады.

№ 39 ЖОМ-нің 8 сынып оқушылары Мережко Герман, Черкашин Никита  «Робосумо (жоғары жас тобы) категориясы бойынша жарысқа қатысты, жетекшісі Л. Ю. Дементьева, «FUN управляемые скорпионы» категориясы бойынша 7 сынып оқушылары Алибаев Эльсер, Тусупхан Абулхаир, жетекшісі А. М. Гурина. Оқушыларға сертификаттар табысталды, жетекшілері Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Облыстық фестиваль «КазРоботикс» білім және спорт робототехникасы Казақстан Федерациясы» филлиалымен бірлесіп, Павлодар көлік және коммуникация колледжінде өткізілді.