ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласы әкімі интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездеседі
28-05-2018 12:46

Павлодарлық оқушылар жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларда жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов оқушылардың жетістіктерін жыл сайын атап өтеді.
2018 жылғы 30 мамырда сағат 12.00 «Ақ Отау» мейрамханасында (Астана к-сі, 100) Павлодар қаласы әкімі Н. К. Әшімбетовтің 2017 - 2018 оқу жылындағы интеллектуалдық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен «Сарыарқа жұлдыздары - 2018» салтанатты кездесуі өткізіледі.
Мерекенің мақсаты – оқу жылының ең дарынды оқушыларын марапаттау.
Жалпы білім беру пәндерібойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Павлодар қаласының құрама командасы 45 жүлделі орынға ие болды, 2017 жылға қарағанда 11 орынға артық. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің арасында 9 -алтын, 9 - күміс, 28 қола медаль иегерлері.
Республикалық пән олимпиадасында қаланың 9 қатысушысынан - 7 оқушы алтын, күміс және 4 қола медальдарына, 1 оқушы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің грантына ие болып, жүлде қорын молайтты.2017 - 2018 оқу жылы барысында қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша республкалық олимпаданың қорытындысы негізінде экологиялық бағытындағы №36 орта мектебі Қазақстанның үздік 100 мектеп ондығына кірді.
Аталған жетістіктер Павлодар қаласының құрама командасына берілген «Үздік олимпиадалық команда» атағын 15 жыл бойы растап келеді.
Оқушыларымыздың барлық жетістіктері - талантты педагогтер мен тәлімгерлердің еңбегі: Павлодар қаласының № 39 мектебінің неміс тілі мұғалімі Татьяна РафхатовнаМокроусова, оқушылары жыл сайын республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады, Павлодар қаласының № 37 мектебінің тарих мұғалімі Әлия Егімбайқызы Қасымжанова, оқушылары республикалық олмпадасында тарих пен құқық негіздері пәндері бойынша екі қола медальдарының иегерлері.
Павлодар қаласы әкімі кездесу барысында ұстаздың жоғары кәсіби еңбегі мен облыстық олимпиадаға жеңімпаздар мен жүлдегерлер дайындағаны үшін сыйақымен марапаттаса, Татьяна Рафхатовна мен Әлия Егімбайқызына демалу үшін жолдама сертификаттарын табыстайтын болады.
2017 - 2018 оқу жылы бойынша нтеллектуалдық сайыстарындағы жетістіктері үшін Павлодар қаласы әкімінен оқушыларға дипломдар мен «Сарыарқа жұлдызы» стелласы және бағалы сыйлық - ноутбук берілетін болады.
Аталған іс-шара Павлодар қаласы білім беру бөлімі мен «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығымен өткізіледі.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі