kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3004799
Бір айда212430
Бір аптада45599
Кеше4012
Тәулік7537
Павлодар қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа балаларды электрондық форматта қабылдау басталды
05-06-2018 16:59

Баланы бірінші сыныпқа тіркеу оңай бола бастады. Енді ата-аналар үйден шықпай-ақ бірінші сыныпқа балаларын онлайн түрде тіркей алады.Жаздың басталуымен «Mektep Pavlodar» цифрлық жобасы іске қосылды.Оның тұсаукесері 7 маусымда сағат 11.00-де № 39 ЖОМ (М. Горького, 33) базасында өтеді. Тұсаукесерге шақырылғандардың ішінде бағдарламаны әзірлеуші«BFGroup Inc» ЖШС директоры Сергей Голышев, № 39 ЖОМ ата-аналары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері қатысады.
Бұл білім беру ұйымына 1 сыныпқа балаларды автоматтандырылған түрде тіркеу болып табылады. Енді ата-аналар өтінішті электронды түрде бере алады, білім беру ұйымына қабылдау үшін керекті құжаттарды беруді жүзеге асыра алады, білім беру ұйымын және сыныпты таңдауға және оқыту тілімен танысуға мүмкіндіктері бар. Өтінішті қарау нәтижесін ата-аналар ұялы телефонға жеткізілетін PUSH-хабарландыру арқылы біле алады.
Уақытты үнемдеу – электрондық жүйенің басты артықшылығы. Сонымен қатар цифрлық формат барлық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Әркім бірінші сыныпқа баласын өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта, үйден немесе кеңседен компьютер, ноутбук, планшет немесе тіпті ұялы телефон арқылы тіркей алады.
Қызмет көрсету мерзімі: өтініш пен құжаттар топтамасын қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде push-хабарландырукеледі. 1 сыныпқа қабылдау мерзімі: 1 маусымнан 30 тамызға дейін созылады.
Сонымен қатар, балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі
3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық көшірмесі
4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).
Айта кететін жайт, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептер ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қабылдануын қамтамасыз етеді.
Павлодар қаласының білім бөлімі