ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың музыкалық мектептерінде «Жүз жылдық ішектер» жобасы іске қосылды
06-06-2018 11:50
Қаланың музыкалық мектептерінде «Жүз жылдық ішектер» жобасы іске қосылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласының балалар музыка мектептерінде «Жүз жылдық ішектер» бірлескен жобасы іске асырылады.

Жоба шеңберінде 2018 жылғы 4 маусымда Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» фестивалінің ашылуы өтті. Мақсаты - қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Фестиваль фольклордың әр түрлі жанрларына қызығушылықты одан әрі дамытуға, заманауи көрермендер үшін өнер туындыларын бірегей етуге мүмкіндік береді.

Фестивальдің ашылу бағдарламасында Ақан серінің «Балқадиша», А. Райымбергеновтың «Секіртпе», Т. Базарбаевтың «Экспромт», А. Жұбановтың «Қарлығаш», Н. Тлендиевтің «Жекпе-жек» туындылары шырқалды. Оркестрлік сазда қазақтың «Тұрымтай» «Илигай», «Ақ баян» халық әндері керемет шырқалды. Сахнада қобызшылар, домбырашылар, виолончелистер, саксофоншылар, жетіген ансамбльдері бірін-бірі ауыстырып отырды. Әр түрлі аспаптар үнінің арқасында бұрыннан таныс әуендер жаңа мәнер алғандай болды.

Фестиваль эстафетасын № 2, 3, Кенжекөл ауылының музыка мектептері іліп әкетті. Фестиваль 8 маусымда Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде гала-концертпен аяқталды.