ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Театралдық сахнада
11-06-2018 12:03
Театралдық сахнада

Қалалық демалыс және  мәдени саябағында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2018 жылы 8 маусымда   «Керемет» қалалық  жазғы жоба шеңберінде  «Маски шоу» байқауы өтт (жобаның 2 туры). Мақсаты - балалардың театралдық қабілетін,шығармашылық қызметін  қолдау.

Саябақта музыкамен  ашық театралдық костюмде Павлодар қаласының 16 мектебінен (№ 4, 5, 7, 11, 13, 16, 17, 18, 19, 29, 34, 35, 37, 39, 42, 43) 267 оқушы жиналды.Жас  театршыларға өз таланттарын сүйікті мультфильм сюжеті бойынша театралдық кіші-қойылымды көрсету ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды  № 34 мектептің театршылары алды, олар көрермендер  мен  әділқазыларға  «Маша және Аю» мультфильмнен үзінді ұсынды. Антон Луценко ойнаған теңдесі жоқ  Маша, барлығын күлдіріп,қуанышқа бөледі. № 35 мектеп оқушылары орындаған «Барбоскины» мультфильмнен сюжет II орын алды. Әсерлі костюмдегі сотқар «Бабки-Ёшки» сыпырғышпен көрермендердің қуанышты сезімін шақырды. Команда III орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  дипломмен марапатталды.

«Новый взгляд», «Яркий образ», «Мультяшки» номинацияларында № 4, 16, 17 ЖОМ оқушылары грамота алды.

Белсенді  қатысқаны  үшін № 11,13,19, 29, 39 мектеп  командалары грамоталармен  марапатталды.