ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көңілді балалық шақтың әр алуандығы
12-06-2018 15:21
Көңілді балалық шақтың әр алуандығы

Төменгі жағажай да 2018 жылы 7 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Әлем. Бала» кешенді бағдарлама шеңберінде «Тамаша демалыстар» қалалық жазғы жобасының «Мерейлі асыл тастар»  қорытынды  туры өтті. Байқауға 260 қатысушылардың  жалпы қамтылуымен № 1, 4, 9, 11, 13, 16, 17, 18, 23, 25, 26, 28, 29, 30, 35, 39, 40, 43 мектеп жанындағы лагерлердің  командалары қатысты.

Қатысушылар өз композициясының ашық бейнесін ұсынды, суреттің мазмұнын ашты, біздің Отанымыздың жетістігі туралы айтып, қызығушылықпен өнерлерін көрсетті. 

     Әсіресе № 7, 4, 9, 13, 18, 28, 29 мектептің «Алғыр алға», «Өнер», «Болашақ» патриоттық атауларымен командалар белсенділік көрсетті.Балалар өз тұсау кесерлерінде  қызықты айтып ғана қойған жоқ, өлең айтты,Отан туралы тақпақ оқыды.

 

Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 39 ЖОМ «Палитра» командасы алды. Олар өз суретінде біздің Қазақстанның халықтар достығын бейнеледі, өз  командасының  достығын және  ұйымшылдығын көрсетті.

Тапсырма орындалуының ерекше жолдарын көрсеткені үшін II орын № 35 ЖОМ «Алтын балық» командасы алды, ерекше орындағаны үшін III орынды № 16 ЖОМ «Незабудки» командасы алды.