kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3052320
Бір айда181007
Бір аптада35847
Кеше2509
Тәулік1867
Қала мектеп директорларының кеңесі
13-06-2018 10:30
Қала мектеп директорларының кеңесі

Павлодар қаласының № 21 ЖОМ 2018 жылғы 12 маусымда қала мектеп директорларының кеңесі өтті.

Кеңесте жоғары сынып оқушыларының далалық әскери жиынға қатысу қорытындылары, қаланың жалпы орта білім беретін түлектердің ҰБТ дайындығы туралы тыңдалды.

«MektepPavlodar» цифрлық жобасының мүмкіндіктерін кеңінен қолдану мақсатында 1 сыныпқа қабылданатын балаларды автоматтандырылған түрде қабылдау және «Бұлтты бухгалтерия мен кадрлық есеп» цифрлық жобасының рәсімдемесі өткізілді.

Оған қоса 2018 жылғы жаз кезеңіндегі балалардың бос уақыттарын қамту және демалыстарын ұйымдастыру мен өткізу туралы және Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінде түлектер балын ұйымдастыру мен өткізу туралы сұрақтар тыңдалды. «Күнделік» электрондық журналының сапасы мен уақытылы толтырылу мониторингі қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г.Ш. Қадырбаевамен ҰБТ өткізу және дайындық бойынша, жазғы демалыс пен балалардың бос уақытын қамту, түлектер балын ұйымдасқан түрде өткізу туралы нақты тапсырмалар берілді. 1 сыныпқа қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және «Күнделік» ААЖ сапалы толтыруына аса назар аударылды.